Қарағандыда «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік» акциясы өтті
Қарағанды қаласының орталық саябағында Балаларды қорғау күніне арналған «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік» акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай Қарағанды облысының ТЖ департаменті «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік» акциясын өткізді. Акцияға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қатысты.
Мерекелік іс-шара аясында авариялық-құтқару техникасының, арнайы құралдар мен кинологиялық есептердің көрмесі ұйымдастырылды. Апаттар медицинасы орталығының мамандары суда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Ал ТЖ департаментінің өкілдері тұрғындарға жазғы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық және ден қою шеңберінде өз қызметі туралы ақпараттық сессия ұйымдастырды.
Акция барысында жергілікті полиция қызметімен бірлесіп қалалық жағажайда демалушыларға жадынамалар таратылып, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсініктемелер берілді. Барлық іс-шаралар карантиндік санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаумен өткізілді.
Жазғы кезеңде облыстың барлық қалалары мен аудандарында суға шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне арналған алдын алу іс-шаралары өткізіледі.