Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері жетім балаларға ойыншықтар мен тәттілерді сыйға тартты

Медеу ауданының полицейлері балалар күніне арналған №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ойыншықтар мен тәттілерді әкелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында біздің бөлім жыл сайын балалар үйіне, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға құттықтаулар өткізеді. Карантинге қарамастан, біз балаларды қараусыз қалдыра алмадық. Рас, бұл жолы оларға бару шектеулі болды: сыйлықтар мекеме әкімшілігі арқылы берілді. Әдетте мұндай кездесулер мерекелік жағдайда өтеді, балалар бізге ән айтады, өлең оқиды, би билейді. Мұның бәрі алда екеніне сенімдімін. Ең бастысы – кішкентайлардың дені сау болсын. Онсызда олардың тағдырлары өте қиын, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру