10 күн ішінде 65 мас жүргізуші анықталды
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 10 күн ішінде 65 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол-қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 23-30 мамыр аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.
Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша 3,4 мыңнан астам құқық бұзушылық белгілі болды. Оның ішінде 65 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғандығы анықталды.
Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 399 фактісі, қарсы бағытқа шығып, құқық бұзудың – 26 фактісі белгілі болды. Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 114 жүргізуші әкімшілік тәптіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 555 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандығы бойынша 222 факті анықталды.
Бұдан басқа, көлік құралдарын мас күйінде жүргізген, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 10 жүргізуші анықталды.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шараларының екінші кезеңі 01-10 маусым аралығында өтеді.
Полиция департаменті ата-аналарға, балаларға жол қауіпсіздігін сақтауды және жолдан өтуді еске салыңыз. Сіздің және сіздің балаңыздың киімдегі жарық қайтарғыш элементтер мен құралдарды пайдалануына жеке назар аударыңыз.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды көшеде қараусыз қалдырмаңыз. Үлгі болу – оқытудың ең тиімді түрі екенін ұмытпаңыз.
Мектеп демалысы қауіпсіз болсын және сіздің балаларыңызға тек жағымды эмоциялар әкелсін!