Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

“Алматы-Екатеринбург” автожолында 52 жолаушысы бар автобус жолда сынып, көмекке медициналық көмек пен полиция қызметкерлері жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда сағат 15.50-де “112” нөміріне тұрғын Абдимтановтан Мойынқұм ауданы “Алматы-Екатеринбург” а/ж 418 шақырымында (Мыңарал ауылынан сегіз шақырым жерде) “Шымкент – Нұр-Сұлтан” бағыты бойынша келе жатқан “Setra” жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны Н. Нұрғалиев маркалы жолаушылар автобусы сынған (екі алдыңғы дөңгелекті шиналары тесілген) туралы хабарлама келіп түсті.

Автобус салонында 52 жолаушы болған, оның ішінде екі бала – барлығы Қазақстан азаматтары. Оқиға орнына “Шығанақ” күрең жолдық-медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы (КМҚП ШӘЕБ) (төрт қызметкер және бір бірлік), Мойынқұм ауданының ТЖБ
қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметі (екі қызметкер және бір бірлік техника) және ЖАО (бір қызметкер және бір бірлік техника) жіберілді.

Мойынқұм ауданының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауыз су тасымалдауды ұйымдастырды.

ЖПҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласына 27 жолаушыны, оның ішінде екі баланы жолай көлігімен жіберді. “Шығанақ” КМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы автобус жолаушыларына медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

19 сағат 50 минутта қосалқы шиналарды жеткізгеннен кейін, автобус қалған 25 жолаушысымен бағытталған пунктіне кетті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру