Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы полицейдің балаларын мерекемен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Мақтаарал аудандық полицейлер қызметтес жолдастары Құрманғазы Тузеловтың шаңырағына арнайы барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің криминалисі Құрманғазы Тузелов – көпбалалы әке. Оның отбасында төрт ұл, үш қыз өсіп келеді.

Мақтааралдық тәртіп сақшылары, балалар мерекесінде осы отбасымен бірге болып, балаларды қуантып, сый-сыяпат жасауға асықты. Полицейдің балалары ерекше көңіл- күй сыйлаған әкесінің әріптестеріне алғыстарын жеткізді.

Бүгінде Құрманғазы, жары Жамила екеуі балаларына жақсы тәрбие беріп, елдің бетке ұстар азаматтары болуға баулып келеді. Соның нәтижесінде болар, отбасының үлкен ұлы қиын да қауіпті салалардың бірінде қызмет атқару үшін С.Рахимов әскери мектебіне оқуға түскен.

 – Бос уақытым бола қалған жағдайда, отбасыммен бірге өткізуге тырысамын. Әке – бір сөзді жауапкершілігі мол, ержүрек, тәжірибелі, еліміздің патриоты болуы керек. Балаларына үнемі ең бірінші, халыққа адал қызмет ету керек, – деп көпбалалы полицей әкенің кеңес берді.

Еліміздің тыныштығын сақтауда адал қызмет етіп, талай қылмыстарды ашуға өз септігін тигізіп келе жатқан, отбасында жеті балаға тәлім-тәрбие беріп отырған Құрманғазы Тузеловтың отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру