Атырау полицейлері мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке куәліктерін рәсімдеуді жалғастырып жатыр
Көші – қон полиция қызметкерлері қаладағы 3-әлеуметтік арнаулы қызметтер көрсету орталығына барып, жастары 16-ға толған мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге жеке куәліктерін рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 мамырдан бері полиция қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, 200-ден астам егде жастағы қариялар мен 50-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандардың мекен-жайларына барып, жеке куәліктерін алуға жәрдемдесті.