Алматы облысының тұрғыны бақшада марихуана өсірген
Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жедел-іздестіру шаралары кезінде жалға алған үйінің бақшасында марихуанаға ұқсас өсімдікті өсірген 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден 68 түп марихуана тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Текелі қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Рүстем Меркулов.
Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірудің 10 дерегі анықталған. Ал тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 килограмнан астам.