Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғыны көлікті ұрлап кеткен

Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспекторы жол талғамайтын көлікті айдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусым сағат 07:50-де Ақтөбе облысы Темір ПБ-нің кезекші бөліміне Промысел ауылының тұрғыны өз үйінің ауласынан “Тойота Хайлюкс” автокөлігін айдап кеткендігі туралы арызданған. Жедел түрде “ұстау” жоспары жарияланды, полицияның кешенді күштерінің барлық нарядтары бағдарланды.

Учаскелік полиция инспекторы “Ақтөбе-Шұбарқұдық” автожолында Журын ауылының ауданында бағдар бойынша ұқсас автокөлікті байқап, тоқтатты. Жол талғамайтын көлік рөлінің артында 22 жастағы ауыл тұрғыны болған. Жүргізілген сараптама күдікті автокөлікті маскүйінде басқарғанын көрсетті.
Күдіктінің жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 3-бөлігі втокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру