Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған балалар үйіне қайтарылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған балаларды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған баласы үйден шығып кетіп, қайта келмегені туралы хабарлайды. Үйінен ойнауға кеткен 11 жасар ұлын таппаған ана полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшысы Айдана Наханшақызы мен жедел уәкіл Бақберген Оңалбай барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1 сағат ішінде жоғалған бала, 10 шақырым қашықтықта өздерінен бөлек тұратын әкесінің үйінен табылды.
Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып , анасына тапсырды.

Жасөспірімнің анасы Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Ата-аналардың бейғамдығы салдарынан тағы осындай жайт Жетісай ауданында орын алды. Жетісай АПБ-не түскі 14:00-ден асқан уақытта көшелердің бірінде кішкентай қыздың адасып жылап жүргені жөнінде хабарлама түскен. Полицейлер тез арада әрекет етіп, кішкентай қыз тұрған жерге жетті.

Жылап тұрған қыздан аты-жөнін сұрағанмен, кішкентай қыздан жауап ала алмады. Содан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар Адилхан Муфтиллаев, Мейрхан Жетибаев, Жанна Шалбековалар қызды көліктеріне отырғызып, оның үйін, ата-анасын табуға әрекеттенді. Көшені аралап, тұрғындардан сұрастырып, 2-3 сағатқа дейін іздестірді.

Нәтижесінде әкесін тауып, оған қызын тапсырды. Әкесінің айтуынша, әйелі жұмысқа кеткен, өзі ауырып жатқан. Сол сәтте аулада ойнап жүрген қызы шығып кеткен көрінеді.

Осылайша, үш жасар қыз аман-сау күйінде отбасына тапсырылды. Ер адам полицейлерге алғысын білдірді. Тәртіп сақшылары сондағы барлық тұрғындарға өз балаларын үнемі бақылауда ұстау керектігін түсіндірді.


Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру