Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей қайыр сұрап жүрген жасөспірімдерге көмектесті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Азамат Қабұлов қаладағы жалғызбасты, көпбалалы анаға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалдамалы пәтерде тұратын отбасыға азық-түлік апарып берді. Балаларын қаладағы дүкендердің бірінен мектепке қажетті киім-кешек, сөмке, кеңсе заттарын, кішкентай бүлдіршінге ойыншықтар жиынтығын алып берді.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тәуелсіздік саябағына барып, тәуелсiздiкке тағзым ету ең алдымен мемлекеттiк рәмiздерге құрмет көрсетуден басталатынын ескеріп, мемлекеттік нышандар жайлы балаларға мол мағлұмат берді. Полиция қызметкері осы әрекеті арқылы бүлдіршіндерді отансүйгіштікке, ұлтжандылдыққа баулуды көздеді.


Қызметінің жауапты әрі ауырлығына қарамастан, арнайы уақыт тауып, бүтін бір отбасына қуаныш сыйлады. Балалардың маңдайынан сипаған полицейдің бұл әрекетіне көпбалалы ана ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру