Пробация қызметкерлері мен еріктілер ауыл қарияларына көмек көрсетті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тарбағатай аудандық №1 пробация қызметі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында пробация қызметі Ақжар полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, карантин кезінде ауылдағы қарт, жалғыз басты зейнеткерлерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жасалған іс- шараға Тарбағатай ауданының жастар орталығында тіркелген жас еріктілері, тәртіп сақшылары мен пробация қызметкерлері бірлесіп өткізді.
Өткізілген шараның мақсаты – індет уақытында, болып жатқан қиын қыстау кезеңінде жалғыз басты қарттарға және әлеуметтік көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын беру.
– Осы іс-шараға қаржылай көмек ретінде қол ұшын ауылымыздың жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалық жетекшілері, ауыл мешітінің қызметкерлері өз еріктерімен ұсынды, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық пробация қызметінің бастығы Эльвира Калымбекова.