Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкендегі терминалдан ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер төлем терминалын бұзған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Оның
айтуынша, белгісіз біреулер дәріханаға кіре берісте орналасқан терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру іс-шараларына кірісті.

Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі криминалдық полиция жедел уәкілдері мен учаскелік инспекторлар қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алып, қылмыс орны мен бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция
қызметкерлері жас жігіттен шеге суырғыш, бетперде, қолғап және басқа да айғақты заттарды тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Дүкенге, үй-жайларға немесе үйлерге кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнату қажет. Сондай-ақ, полицейлер ұрлық болдырмау үшін
дүкендердің терезелері мен есіктерін темір торлармен және сенімді құлыптармен нығайтуға кеңес береді.

Егер сіз осындай қандай да бір қылмыстық қол сұғушылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру