Мас күйінде көлік жүргізген ақтөбелік қамауға алынды
Ақтөбеде жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері 7 маусым күні түнгі сағат 23 шамасында «Ангрэ-2» бау-бақшасы аумағында 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Surf» маркалы автокөлігін
тоқтатқан.
Анықталғандай, жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған. ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқарған, көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол
мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге өмір бойына көлік басқару құқығынан айыру жазаны қарастырады.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардың алкогольді және есірткімен мас күйінде көлік құралдарын басқармауын сұрайды және ескертеді.