Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мен санитарлық дәрігерлер карантиндік іс-шаралар туралы еске салды

Санитарлық дәрігерлер мен Петропавл полицейлері дүкендер мен басқа да сауда орындарына рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың мақсаты карантиндік іс-шараларды қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру және еске салу.

– Шектеу шараларын жеңілдетуге қарамастан коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске бағытталған нормаларды сақтауды жалғастыру қажет. Өкінішке орай, бұл елдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды талап етеді. Кейбір өңірлерде карантиндік шараларды күшейтуді қайта бастауға мәжбүр болғанын көріп отырмыз. Біздің қалада кейбір ойын-сауық орындарының жұмыс режиміне байланысты бетперде кию режимін сақтау, жаппай іс-шараларды өткізуге шектеулер әлі де жалғасуда, – деп атап өтті Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Рейдке қатысушылар сатушылармен, шаштараз қызметкерлерімен және басқа да адамдарға қызмет көрсету саласындағы нысандармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер туралы еске сала отыра, олар карантиндік шараларды сақтамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабына (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) сәйкес екенін атап өтті. Бір күннің ішінде полицейлер мен дәрігерлер 20-ға жуық мекемені аралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру