Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері кезекті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Түлкібас аудандық Полиция басқармасының полицейлері ауданның орталық көшелерінің бірінде «Nissan» маркалы автокөлікті тоқтатты. Түлкібас АПБ әкімшілік полиция аға инспекторы Алимжан Қарақұлов көлік жүргізушісі мас күйде көлік басқаруы мүмкін екенін байқап қалған. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшысының болжамы расталды.

Тәртіп бұзушы медициналық куәландыруға жеткізілді, қорытынды жүргізушінің орташа дәрежеде алкогольдік мас халде болғанын көрсетті. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 2018 жылы Жамбыл облысының аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) үш жылға жүргізуші құқығынан айырылғанын анықтады.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімі өлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберуі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға әрдайым абай болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Рульге мас күйінде отырмаңыз, бұл қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтарды жасамауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру