Қызылордада «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясы жалғасып жатыр
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында 15-18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған орай, Қызылорда облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен 15 маусымнан бастап жедел-профилактикалық шаралары жүріп жатыр.
Аталған шара, қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдарды қатыстыра отырып біріккен іс-шара жоспарына сәйкес, облыс көлемінде, ауылдық жерлерде тұратын әйелдер арасында заңнаманы түсіндіру, құқықтық қолдау көрсету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын насихаттау мен зәбір көргендерді анықтау бойынша елді мекендер араланып, халықпен кездесулер өткізіп, құқықтық көмектер көрсетіледі. Іс-шара кезінде ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 226 адам тұрғылықты мекен-жайларынан тексерілді.
Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен 35 қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, міндеттері түсіндірілді.
Жұмыстар барысын жандандыру мақсатында облыс бойынша халық көп жиналатын демалыс орындарында, аялдамаларға, сауда үйлер, ломбардтар мен мекемелерге барлығы 2 000 ақпараттық материал таратылды, билбордтар ілінді.
Профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табады.