Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болды

Шымкентте екі кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусым күні полицияға белгісіз тұлға жасөспірім қыздарды зорламақшы болғаны туралы ақпарат түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен «Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ол қылмыстың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сол күні полиция қызметкерлері 5 жастағы және 8 жастағы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты жасалған қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жедел тергеу тобын құрды.

Күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, қылмыс орын алған аудандағы тұрғын үйлерді тексерді. Жедел-тергеу тобының жедел іс-қимылының, сондай-ақ азаматтардың көмегінің арқасында аталған қылмыстарды жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген. Ұсталған азамат өз қылмысын мойындады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кету керек, екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалды. Күдікті ата-анасының бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, кәмелетке толмаған балаларды түрлі сендіру сөздермен көндіріп, таса жерлерге алып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру