Қарасу ауданында дала өрті болды
Қостанай облысы Қарасу ауданында құрғақ шөппен от 25 гектар аумақты қамтыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 маусым сағат 14:56-да Қарасу ауданы Панфилов ауылының маңында дала өртенді. Даладағы желдің арқасында құрғақ шөппен от 25 гектар аумақты қамти отырып, ерекше тез таралды.
Қарасу ауданы Железнодорожное селосі № 25 өрт сөндіру бекетінің бір бірлік техника және жеке құрамның үш адамы бар күштері мен құралдары отпен күресті. Өрт сөндірушілерге көмекке 10 адамнан тұратын жергілікті өртке қарсы құраманың еріктілері келді. Екі МТЗ тракторы соқамен ауылдан өрт сөндіру үшін жер жыртылды. Су құю үшін екі су таратқыш ыдыстарын
пайдаланды.
Өртті сағат 21.00-де ауыздықтап, сағат 22.07-де жойды. Пайда болу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, сондай-ақ сергек болуға шақырады, және өрт анықталған жағдайда дереу «101» телефон арқылы хабарлаңыз.