Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 184 автокөлік тіркелді
Шымкент қаласында Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге (0,25 АЕК) – тіркеу үшін алым; 3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж; 7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Тұрғындар көлік құралдарын «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдеріне барып, 15-20 минут ішінде тіркей алады.
Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 184 автокөлік тіркелді.
Тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.