Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрмеден шыққан сотталғанды пробация қызметкерлерi жұмысқа орналастырды

Шығыс Қазақстан облысында түрмеден шыққан сотталғанды пробация қызметкерлерi жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ басшылығының нұсқауына сәйкес республика аумағында ағымдағы жылдың 15-25 маусым аралығында “Шартты түрде сотталған” Республикалық алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шараның маңызды және қажетті мақсаттарының ішінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталған адамдар тарапынан жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу және жолын кесу.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында РПІШ өткізу кезеңінде қайталап қылмыс жасауға жол беру фактілері бойынша талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау көптеген жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарынан келген сотталғандар ҚР ҚК 73-бабының негізінде, бұрын сотталған адамдар, сондай-ақ жұмыссыз адамдар қайталанған қылмыстарды жасайтынын көрсетті. Еңбекпен қамту сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге ықпал ете отырып, маңызды антикриминогенді шара болып табылады.

Мәселен, “Шартты түрде сотталған” РПІШ кезеңінде пробация қызметінің және “Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің көмегімен квоталанатын жұмыс орнына сотталған Д. жұмысқа орналастырылды, алайда ол одан бұрын пробация қызметінің жолдамасы бойынша Семей қаласының наркологиялық диспансерінде алкоголизмнен емделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру