Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сот үмiтiн ақтамай бас бостандығын айыру мекемесіне жіберілдi

Шығыс Қазақстан облысында ұрлық жасаған ер адам сот үмiтiн ақтамай бас бостандығын айыру мекемесіне жіберілдi, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі, қылмыстық-атқару жүйесінің бір бөлімі ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайды. Алайда, бас бостандығын шектеу түрінде жазаға сотталған кейбір адамдарға қатысты тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүргізілсе де, олар соттың сенімін ақтамайды.

– ШҚО бойынша ҚАЖД Өскемен қалалық пробация қызметінің есебіне ұрлық жасап және төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азамат “Б” есепке алынған. Жазаны өтеу барысында осы ер адам “Б” пробация қызметінің инспекторларымен жүргізілген профилактикалық іс – шараларына әсер етпей, бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзған.
Сол себептен, ол соттың сенімін ақтамағаны үшін бас бостандығын айыру мекемесіне жіберілдi, – дедi Алмат Толеубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру