Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында «LED-фарлары» бар көліктер анықталып жатыр

Алматы облысында «LED-фарлары» бар автокөліктерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автомобиль нарығының әртүрлі жаңа және заманауи жабдықтармен толықтырылуына байланысты, жүргізушілер ел заңнамасының нормаларын бұзып жатыр.

– Соңғы үлгіге сай болу үшін жүргізушілер өздерінің автокөліктеріне LED жарықтандыру техникаларын орнатуға ұмтылады, алайда бұл әрдайым дұрыс бола бермейді. Мысалы, Талдықорған қаласының өзінен бүгінгі күні көлік құралдарына тыйым салынған LED-фарларды орнатудың 86 дерегі анықталды. Барлық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Талдықорған қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Олжас Отаров.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 590-бабына сәйкес көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты техникалық регламент талаптарын орындамаудың 716 дерегі анықталды, олардың қатарында 73 жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінсіз көлік жүргізген, 78 автокөлік жүргізушісінің көліктері техникалық байқаудан өтпеген және басқада деректер бар.

– Жалпы, LED-фарларды орнату өндіруші зауыттардың көлік құралының конструкциясына қоятын талаптарына байланысты, өйткені көлік құралдарын пайдалану ережелеріне сәйкес, егер сыртқы жарық құралдарының саны, түрі, түсі, орналасуы және жұмыс тәртібі көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмесе, онда оған тыйым салынады, – деп түсіндірді Отаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру