Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар, олар ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 маусымда сағат 07.12-де «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолында жол-көлік оқиғасы орыналды, онда төрт адам зардап шекті.
«Toyota Land Cruiser Prado« автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Маңғыстау облысының тұрғыны, Қарабұтақ ауылы жағынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының 105 шақырымында, басқару кезінде рульдік басқаруын игере алмай, сол жақ бетіне аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізуші мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі басқару кезінде ұйықтап кеткен.
Сол күні «Покровка-Жаңажол » жергілікті маңызы бар тас жолының 18 шақырымында, Темір қаласының маңында, 45 жастағы «Ауди» көлігінің жүргізушісі қарсы жолға шығып, 33 жастағы Кеңқияқ ауылының тұрғынының басқаруындағы «Ваз-21115» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен «Ауди» көлігінің екі жолаушысы Шұбарқұдық ауылындағы ауылдық амбулаторияға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік-аса қауіпті құрал екенін ескереді. Сондықтан, көлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, метеорологиялық жағдайларын бақылап, қарсы қозғалыс жолағын ашықпай, қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.
Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу бағытындағы буклеттер таратып және жолда түнде тоқтап, демалатын орындарды көрсетеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі рульде ұйықтау, қарсы бағытқа шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру және т. б.