Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»

Павлодар облысында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» алдын алу шаралары өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы әйелдерге қатысты 806 түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді (ұрлық, алаяқтық, тонау және т.б.), отбасы-тұрмыстық салада – 11 факт.

Отбасылық тәртіп бұзушылықтың, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында павлодарлық полиция үнемі профилактикалық шараларды жүргізеді.

Бүгінгі таңда жеке алдын-алу шараларының бірі қорғаныс бұйрығын беру және соттардың құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қою болып табылады.

Жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 2720 адамға қатысты қорғаныс бұйрықтары шығарылды.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың тағы бір тиімді шарасы – қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 54-бабын қолдану (құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу). Құқық бұзушылықтарды қарау нәтижелері бойынша полицияның талабы бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 295 арнайы талапты, оның ішінде 584 алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуды орнатты.

Қорғаныс тәртібін бұзғаны үшін 313 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің өтініші бойынша соттар тәртіп бұзушылардың мінез-құлқына 297 арнайы талаптарды, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға 284 шектеулер белгіледі.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу құралдарының бірі – әкімшілік жауапкершілік.
2020 жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
– күнделікті өмір саласында құқық бұзушылық жасаған 1454 адам  (ҚР ӘҚБК 73-бабы);
– денсаулыққа шамалы зиян келтірген 378 адам (ҚР ӘҚБК 73-1-бабы);
– ұрып-соғу үшін 107 адам (ҚР ӘҚБК 73-2-бап);
Айта кету керек, 102 пультіне келіп түсетін барлық қоңыраулар үшін құқық бұзушыға бір ай мерзімге қорғаныс бұйрығы шығарылады.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері «NurOtan» партиясының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әрекеттерінің алгоритмі туралы парақшалар таратады, ықтимал зардап шеккендермен түсіндіру әңгімесін жүргізеді. Білім беру бөлімдерінің өкілдерімен бірге қоғамдағы нашар және көп балалы отбасылармен жұмыс ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру