Тыныштық бұзған қыздар жауапқа тартылды
Шымкентте түнде тыныштық бұзған масаң күйдегі қыздар уақытша уытсызданыру орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 шілде сағат 03:45 шамасында полицияға тұрғындардан «Восток» мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің ауласында түнгі уақытта тыныштықты бұзу жайты орын алып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша орынға жедел жеткен полиция қызметкерлері тұрғын үйлер ауласында үш қыздың спирттік ішімдік ішіп отырғанын анықтады. Аталған тұрғындар полицейлердің ескертулеріне құлақ аспай, ары қарай отыра бермек болған.
Тәртіп сақшылары олардың алкогольдік масаң күйін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді. Куәландыру нәтижесінде орта дәрежеде алкогольдік масаң күйі анықталған қыздар уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындардан түнгі уақытта тыныштықты бұзбауларын сұрайды.