Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоциклмен киік қуып, полицейлердің қолына түсті

Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта мотокөлігімен киікті қуып құлатқанын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚК 339-бабымен «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу»
сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

– Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі – браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады, – деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Камза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру