Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның танысы құрылысқа қажетті құралдарын ұрлап кеткен

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның құрылысқа қажетті құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жаздық үйінде тұрған бірнеше құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын (дрель, болгарка, сварка аппараты, бензопила) белгісіз біреудің ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгені құрады.

Аудандық полицейлер қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тез арада әрекет етті. Тәжірибелі полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шара жүргізу барысында күдіктінің жеке-басы анықталды.

Полицейлер қылмыстың ізін-суытпай бір тәулік ішінде ашып, күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Осылайша бұрын сотты болған, Шымкент қаласының тұрғыны Түлкібас АПБ-не жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті құрылыс жабдықтарын ұрлаған соң, оның жарты бөлігін 30 000 теңгеге сатып жіберген. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тргеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бағалы мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше үйлеріңізге бейнебақылау камераларын орнатып, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру