Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектердің бірқатар ұрлығын ашты

20 маусымнан СҚО-да «Астық» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – астық, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері, жанар-жағар май материалдары мен гербицидтер ұрлықтарына жол бермеу және орын алған жағдайда шұғыл ашу. Профилактикалық шаралар кешені жүзеге асырылып, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мамыр айының алғашқы күндері Мағжан Жұмабаев ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің иесі қоймасынан төрт аккумулятордың, «КамАЗ» карбюраторының және басқа да қосалқы бөлшектердің жоғалғанын байқаған. Оның сөзінше, келтірілген шығын сомасы жарты миллиондай. Жедел уәкілдердің жұмысы барысында ұрлықтың басқа да фактілері анықталды. Белгісіз қылмыскерлер терезе арқылы қоймаға кіріп, жымқырып отырған. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер 1977 және 1992 жылдары туған ауданның екі тұрғынының қатыстылығын анықтаған жедел іс-шаралар кешенін өткізді. Жасы үлкені түрлі қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болған, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Ұрланған заттар тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылады.

– Астық өндіретін СҚО аймағында диқаншылардың мүлкін қорғау – полицияның маңызды міндеттерінің бірі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Мадияр Харипов. – Мүдделі бөліністермен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастырылды. Аудандарда жасақталған мобильдік топтар жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдейді, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдайтын автомобильдер тексеріледі.

ЖПІШ екінші кезеңінің басынан облыс көлемінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бес ұрлық тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру