Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлерімен 332 бұзушылық анықталды

Павлодар облысы табиғатты қорғау полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында 2020 жылдың алты айында қызметкерлер 865 рейд өткізді, соның нәтижесінде 560 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, 12 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
– ҚР ҚК 187 бабы бойынша «Орман өнімдерін ұсақ ұрлау » – екі;
– ҚР ҚК 340 бабы бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» – төрт;
– ҚР ҚК 335-бабы бойынша «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» – екі;

– Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін облыстың 552 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде тек қана балық аулау ережесін 278 адам бұзған. Аң аулау ережесін бұзушылар-266-дан кем емес, – дейді ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жалпы сомасы 5 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Табиғатты қорғау заңнамасының құқық бұзушылықтарын және қылмыстарын анықтауға және жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру