Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Емтихансыз жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсетемін»: ақтөбелік алаяқ ұсталды

Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық жолмен (емтихансыз жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсету сылтауымен) сенімге кіріп, 1977 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғынына тиесілі 85 мың теңге ақшасын иемденген. Екі ай өткен соң, алданғанын түсініп, әйел полицияға шағымданды.

Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалған.

ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтар мен тонаушылардың құрбаны болмау үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Бағалы заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға тапсырарда мұқият болыңыз. Бағалы заттарды қол жетімді күйде тастамаңыз. Сондай-ақ, өзіңізге тиесілі мүлікті қорғау үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру