Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік төлемді алуға көмектесті

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар да азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат алатын болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұрғандарға  құқықтық көмектер көрсетіп,әр түрлі жағдайларға байланысты кеңестер беріп отырады.

Нақтырақ айтар болсақ, шілде айында Қазалы аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік төлемді алуға көмектесті. Бұл көмек барысында, есептегі сотталғандарға  42500 теңге мөлшеріндегі төлемақыны алуға  өтінім беру жолдарын түсіндірді. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда есепте тұрған төрт адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді.

Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдаған болатын. Азық-түлікке төленетін ақшаны бес әлеуметтік топқа жататын адам алады делінген. Пробация қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі есептегі үш адамға көмек көрсетіп, әлеуметтік төлем алуға жәрдемдесті. Олар екінші, үшінші топ мүгедектері. Есептегі ІІ топтағы екі адам, ІІІ топтағы бір адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін 5556 теңге мөлшерінде қаражат алатын болды.   Көрсетілген қаражат сотталғанның жеке банк картасына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру