Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Індетпен күресіп келе жатқан қызметкерлердің суреті Ақтау көшелеріне іліне бастады

Ақтаудың орталық көшелерінде коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлердің суретімен бірге полиция қызметкерлері бейнеленген билбордтар іліне бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 шағын аудан көшесінің бойында орналасқан билбордта Ақтау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің бастығы Еркін Елеусізовтің суреті ілулі тұр.

Бәрімізге мәлім, полиция қызметі қазіргі жағдайға байланысты алдың қатарда қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарып келеді. 

– Осындай қиын кезеңде адам өмірі үшін арпалысып, уақытпен санаспай, өз антын адал атқарып жатқан тәртіп сақшыларының еңбегі ұшан теңіз. Адам өмірін қорғауда алдыңғы сапта аянбай еңбек етіп жүрген мамандық иелерін дәріптеу мақсатында Ақтау қаласының орталық көшелеріне билбордтар ілінді. Қала әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл игі іс тұрғындардың назарына ұсынылды, – деді Маңғыстау полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру