Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияға кәмелетке толмаған 250 жасөспірім жеткізілді

Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін профилактика шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында жазғы демалыс кезеңінде 17 мен 26 шілде аралығында облыс аумағында “Қадағалаусыздық” атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Аталған жоспарлы ЖАІШ барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.

ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде алты күнде ПБ-на 250 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 237 тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-ден 06.00 дейінгі аралықта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған, 13 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеткізілді.

12 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

ПБ-ның есебіне 33 кәмелетке толмаған жасөспірім және 24 қолайсыз отбасы алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру