Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Москвич 412” көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбе қаласында 19 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілде күні сағат 22:05-те Әбілхайыр хан даңғылы бойында “Электрон” дүкеніне қарама-қарсы жол-көлік оқиғасы орын алды.

“Москвич 412” автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесі жағынан Әбілхайыр хан даңғылы бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігін кесіп өткен жаяу жүргіншіге жол бермеген. Нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 19 жастағы жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел медициникалық көмек көрсету ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерді алып жүру көлік жүргізушісіне 120-140 метр қашықтықта жаяу жүргіншіні көруге мүмкіндік беретінін еске салады. Жолда сақ болыңыз. Жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтау қажет!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру