Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернетте жалған жарнама беріп, ақша тапқан алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жалған жарнама беріп, жұрттың ақшасын өзіне аудартып алған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Техника дамыған қазіргі таңда, ғаламторда теріс пиғылмен алаяқтық жасаушылар қатары көбейді. Олар, әлеуметтік желімен жұмыс жасауды жетік меңгерген, интернет арқылы өзгенің сеніміне кіріп, ақшаларын жымқыруда. Осындай іспен айналысқан жас қыз Түркістан ҚПБ-ның криминалды полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының арқасында Шымкент қаласынан ұсталды.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, әлеуметтік желідегі жарнама сайттарынан “нан пісіретін пеш пен оның қалыптарын сатамын” деген жарнаманы көріп қалыпхабарласқанын жеткізді. Ал, сатушы ұялы телефон арқылы жәбірленушінің әбден сеніміне, оған нан пісіретін құралдарды сататын болып, екеуі келіседі. Осылайша алаяқтық жолмен жалған жарнама берген жас қыз өзінің банкомат карточкасына ақша аудартып алған соң, телефонын мүлдем өшіріп тастаған. Арызданушыға келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық бойынша тіркелді.

Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде бір тәулікте күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, жас қыз болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жалған жарнама бергенін толық мойындап, жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін жеткізді. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Тұрғындар көбіне осылай ұялы телефон арқылы интернет-алаяқтарға алданып жатады. Сондықтан Түркістан облысы полицейлері алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеңіздер, қырағылық танытыңыздар деп ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз тез арада “102” сенім телефонына хабарласыңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру