Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасынан жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болып, жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілде сағат 08.30-да «Самара-Шымкент» тас жолының 840 шақырымында, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Қарабұтақ ауылы жағынан Хромтау қаласына қарай келе жатып, қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан жүргізушінің басқаруындағы «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Ларгус» көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына  жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіден  ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Сонымен қатар, 25 шілде күні сағат 22.50-де «Опел-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі Қарабұтақ ауылы тас жолының 76 шақырымында  қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып, Комсомол кентінің 20 жастағы тұрғынының басқаруындағы «SUZUKI GS-200» мотоциклімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан жолаушы мен мотоцикл жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық  ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіден  ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Ақтөбе облысының полицейлері автомобиль аса қауіпті құрал екенін еске салады. Сондықтан, автокөлікті басқара отыра, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, жол-метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру