Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саябақта белгісіз біреу әйелге шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алған

Түркістан облысында полицейлер ұялы телефондарды тонау және ұрлау қылмыстарын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының полициясына жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз адам шабуыл жасап, күшпен құны 80 мың теңге тұратын IPhone 6″ ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт Түркістан ҚПБ-мен СДТТБТ ҚР ҚК-нің 191-бабы Тонау бойынша тіркелді.

Оқиға орнына Түркістан ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобы жіберілді. Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді. Ол бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін сотты болған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сарыағаш ауданында да полиция қызметкерлері бірнеше ұялы телефон ұрлығын ашты. Полиция бөліміне жергілікті автокөлік иесі шағымданыпжолаушылардың бірі оның құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізген. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары бір тәулік ішінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жолаушылардың бірі, жергілікті тұрғын болып шықты. Ұрланған ұялы телефонды полиция қызметкерлері заңды иесіне қайтарды.

Бөтеннің мүлкін ұрлау жайтына байланысты ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру