Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр

Шардаралық полицейлер карантин талаптарын сақтамаудың 40, белгіленбеген орынға суға түсудің 90 жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген карантинге орай күн сайын Шардара АПБ-нің полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ карантиндік шараларды бақылау және сақтау, басқа да құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізуде.

Осы бағытта Шардара ауданы аумағында полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуыбойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 40 адамды анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Мысалы, Шардара қаласындағы кафелердің бірі карантинге қарамастан жұмыс істеп, келушілерге қызмет көрсеткен. Сонымен бірге, Жаушықұм ауылында азықтүлік дүкені карантиндік шектеулерді елемей, қауіпсіздік шараларын жасамай, дүкенін ашып жұмыс жасағанын учаскелік полиция инспекторлары анықтаған.

Осы жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Одан бөлек, аудандық полицейлер Шардара ауданында суға түсетін орындардың көп болуына байланысты, азаматтарға қазіргі жаз мезгілінде белгіленбеген орындарда суға түсуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Сондайақ, тәртіп сақшылары Шардара су қоймасына баратын жолдарды қазып, бөгеттер орналастырып, адамдардың өтуіне кедергі жолдарын жасауда. Су қоймасы жанында күнделікті екі ауысыммен полицейлер рейдтер жүргізіп, бақылауда ұстауда, Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы “Жалпы су пайдалану ережелерін бұзубойынша 90 жайт тіркеліп, оларға ескерту хаттамасы толтырылды.

Өз кезегінде облыс тұрғындарын карантин режимін бұзбауға шақырамыз. Кез келген, су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеңіздер. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Себепсіз көшеге шықпаңыздар, үнемі бетперде киіп, қауіпсіздік ережелері мен ара қашықтықты сақтаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру