Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» іс-шарасы кезінде 264 құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. 24-26 шілде аралығында облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.  

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың 264 дерегі анықталды.    

Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, қарсы бағытқа шыққаны үшін үш жүргізуші анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарғаны үшін 90, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарғаны үшін 30 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың алты дерегі, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 46 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жұмыс барысында полиция нарядтарымен қабылдау-тарату орнына – үш, Уақытша бейімдеу орталығына – 46 адам жеткізілді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру