Түнде серуендеп жүрген 7 жасөспірім анықталды
Қызылордада түнгі уақытта серуендеп жүрген жеті жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілде күні кешкі уақытта полицияға Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде жасөспірімдердің жиналып жүргені жайында белгісіз тұрғыннан хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқарманың патрульдік полиция батальоны, ювеналды полиция және учаскелік полиция инспекторларымен тексеру барысында сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жеті кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.
Жеткізілген жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, олармен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы» сай жеті ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізілуде.