Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Таза қала» іс-шарасы өтіп жатыр

Қызылордалық полицейлер «Таза қала» іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, шілде айының 24 мен 30 тамыз аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты  жеке және заңды тұлғалар тарапынан экологиялық заңнаманы бұзу деректерін анықтау, қоршаған ортаға зиян келтіру жағдайларының алдын алу.

Осыған орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің және облыс бойынша экология департаментінің қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру