Сотталғандар провизорлық орталықтарды жабдықтауға көмектесті
Ақмолалық ҚАЖ департаментінің сотталғандары провизорлық орталықты қайта жабдықтауға өтеусіз көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының аудан орталықтарында Денсаулық сақтау қызметкерлері короновирустық инфекциямен және пневмониямен ауырғандарға арналған провизорлық орталықтарды жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақмола облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Астрахан аудандық пробация бөлімінің бақылауындағы сотталғандар провизорлық орталықты дайындауға қатысуға ниет білдірді.
Орталықтың ашылуы косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеді. Сотталғандар сылақ-сырлау жұмыстарын және қабырға плиткаларын тегін қалап берді.
Емхананың бас дәрігері Е.Құрманов ҚАЖД аудандық пробация бөлімі мен есепте тұрғандарға аудандық аурухананың медқызметкерлеріне көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.
Осындай жұмысты Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Егіндікөл ауданының пробация қызметі де жүргізді.