Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “КАМАЗ” бен скутер соқтығысты

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының ересек қатысушыларына кәмелетке толмағандардың көлік басқаруын ерекше назарда ұстауды және жолын кесу керектігін ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс күндері балаларды мұқият бақылауда ұстау қажет, олардың көлік құралдарының кілттеріне қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау, скутерлер немесе мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз және жүргізу дағдыларынсыз басқаруға тыйым салу қажет. Балаға автокөлікпен ойнаудың салдары неге әкеп соқтыратынын түсіндіру маңызды.

Көбіне ересек адамдар бұл ережелерге назар аудармай жатады. Көптеген ата-аналар балаға туған күніне немесе оқуды жақсы бітіргені үшін скутерді сыйлық ретінде сыйға тартады, бірақ мұндай сыйлықтың салдары өте қайғылы болуы мүмкін екенін естен шығарады.

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары санын азайтудың басты шарттарының біріқоғамда жол мәдениетін қалыптастыру, жол қозғалысы қатысушыларымен үздіксіз қарым-қатынаста болу, сондай – ақ осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуда қалың жұртшылыққа қолдау көрсету болып табылады, – деді Полиция департаментінің бастығы А.Арыстанов.

28 шілдеде “Ақтөбе-Орск” автожолында “КАМАЗ” автокөлігі мен скутердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды.

Сонымен қатар, жаяу жүргінші балалар жиі жол апатына ұшырайды. Балалармен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жолы көбінесе ересектердің санасына, жеке мәдениеті мен тәртібіне байланысты болып келеді. Кішкентай жаяу жүргіншіні тәрбиелеудің ең тиімді құралы – ата-аналар мен айналадағы адамдардың өзін-өзі ұстау қабілетінің үлгісі.

Өңірдің бас полицейі А.Арыстановтың айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесінің түрлі аспектілері бар. Олардың бастысы әрқашан адам өмірін, әсіресе балалардың өмірін сақтау. Бүгінгі таңда көшелердегі автомобиль ағындарының қарқынды өсу ғасырында бала ерте жастан бастап жол қозғалысының қатысушысы болады, сондықтан көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық негіздерін оқыту мәселесі ерекше өзекті болып саналады.

Тынымсыз өмірдегі қарбалас жол қозғалысына қатысушылары мен жаяу жүргіншілерді үнемі асығып жүруге итермелейді.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балалардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы орын алды. 47 адам дене жарақатын алған болса, бір бала қаза тапты.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушы ересек азаматтарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтау Сіздің және балаларыңыздың өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта автокөлік құралдарымен қатар, кәмелетке толмаған балалар қолданатын мопедтер мен скутерлер саны да көбейіп келеді.

Мопедті немесе скутерді басқара отырып, жол қозғалысының жас қатысушылары өздерінің қауіпсіздігі туралы ойланбайды. Кейбір ата-аналар балалардың жасы мен қауіпсіздігі туралы, көлік құралын басқармас бұрын жүргізуші куәлігінің болу қажеттілігін, сондай-ақ балаларының көлік басқару дағдыларын білмейтінін ескермейді. Мопедті басқару кезінде қорғаныш бас киімдерін кию қажеттігі де көбінесе, ата-аналардың назарынан тыс қалады. Бірақ кішігірім жол-көлік оқиғасы болса да, бала ауыр жарақаттар алуы мүмкін, не бұдан да ауыр зардаптар болуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру