Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығына қатысты күдіктілер қамалды

Ақтөбе облысында биыл мал ұрлаудың 35 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Биыл жылдың алғашқы алты айында облыс бойынша мал ұрлығының 35 қылмыстық ісі тіркелді, дейді Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов.

Оның ішінде 20 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты, яғни жоғалған мал табылған уақытта тоқтатылды.

12 қылмыстық іс сотқа жіберілді және біреуі тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Қалғандары өндірісте.

Жақында Қобда ауданының тергеушілері Өтек ауылына іргелес жайылымдарда 2017-2019 жылдар аралығында орын алған бес мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында алдын ала келісіп алған адамдар тобы дайындалған іс-қимыл жоспары бойынша “Toyota” және “Газель” маркалы автокөліктерімен Өтек ауылы маңайында ірі қара малға қарсы оқ атқан.

Содан кейін қылмыс орнында олар атылған малды кесіп, көлікке тиіп алып, жасырынған.

Аталған іс бойынша күдіктілердің үшеуі ҚР азаматтары, мал ұрлығына қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

Іс сотқа жіберілді. Мал ұрлығына жол бермеу мақсатында қожайындардың алдын алу шараларын қолдану қажет, малды қараусыз қалдырмауы, міндетті түрде белгі салып, түнгі мезгілде сарайларды құлыптау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру