Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясының басшысы тұрғындарды онлайн-режимде қабылдады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев өңірдегі азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асыруға қойылған шектеулерге байланысты азаматтарды онлайн форматта қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылдауға 6 адам өтініш білдірді.

Қабылдау барысында жүгінген азаматтардың сұрақтарына білікті және түсінікті жауаптар берілді. Ақтау тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша өтініш білдіріп, полиция тарапынан оған заң көмегі көрсетілді. Сондай-ақ, жалға берілетін пәтерлерге қатысты басқа тұрғынның өтініші бойынша Ж.Бақтыбаев жергілікті полиция қызметінің бастығына мекенжайлар бойынша тексеруді тапсырды.

Тұрғындар мәселесі бойынша ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев өз орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол атап өткендей, бүгінгі өтініштерді шешу барысын жеке өзі бақылайтын болады.

– Бір жағынан, біз ел басшылығының құқық қорғау органдарының халық үшін ашықтығы жөніндегі талаптарын іске асырамыз, екінші жағынан – өз жұмысымызбен біз халықта туындайтын проблемаларды шешуге нақты үлес қосамыз, – деп түсіндірді Ж. Бақтыбаев.

Уақытша шектеулерге қарамастан, өңірдің кез келген тұрғыны құқық қорғау органының қызметіне қатысты мәселемен облыстың бас полициясына жүгіне алады және әркім оның құзыретті шешіміне үміттене алады. «Facebook», «Instagram», «ВКонтакте, ведомстволық әлеуметтік желілері жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру