Ақтөбе облысында карантин режимін бұзушыларды анықтау үшін рейд өтті
Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері 5 шілдеден бастап елімізде енгізілген карантиндік режимін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру нәтижесінде полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 316 заң бұзушылықты анықтады.
Салтанатты және еске алу іс-шараларын өткізудің 24 фактісі, оның ішінде демалыс аймағында үйлену тойын өткізудің бір фактісі анықталды.
316 бұзушылықтың 291-і карантиндік режимге қарсы немесе санитарлық режимді бұза отырып жұмыс істеген дүкендерге, дәмханаларға, моншаларға, шаштараз бен сұлулық салондарына қатысты анықталған бұзушылықтар болып табылады.
Мысалы, 2 тамызда учаскелік полиция инспекторы учаскені аралау кезінде Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады. Іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жалпы, барлық анықталған бұзушылық фактілері бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырылып, Облыстың тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне шаралар қабылдау үшін жіберілді.
Полиция департаменті ақтөбеліктерді карантин режимін сақтауға, бұқаралық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға, сондай-ақ қоғамдық орындар мен адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде қажетті жеке қорғану құралдарының барлығын қолдануға шақырады.