Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс ауданының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Павлодар облысының полицейлері ресейлік жедел уәкілдермен іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ертіс ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтары тексерілді.

– Шаруашылықтардың бірінде ер адам полицейлердің назарын аударды, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов. – Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл ер адамды Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды. Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол – көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған. Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық іс қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық, – деп айтып өтті Үсенов.

Атап айтқанда, жыл басынан бастап Павлодар полицейлерімен қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 69 адамды анықтап, ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру