Көлік ұрлап мінді деген күдікті полиция қолына түсті
Қызылордада автокөлікті заңсыз иемденген күдікті қолға түсіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 тамыз күні сағат 00:10 шамасында Қызылорда облысы ПД-ның Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған «Опель Вектра» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 38 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.