Петропавл жедел уәкілдері бірнеше рет велосипед ұрлаған қаскөйді ұстады
Петропавл жедел уәкілдері бірнеше рет велосипед ұрлаған қаскөйді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көп жағдайда велосипед қараусыз қалдырылған кезде, иелері айдап әкетуге қарсы шараларды пайдаланбағанда қолды болып жатады. 23 шілде күні «СУ Энергострой» ЖШС қызметкерлерінің бірі Креспостная көшесінде жұмыс істеп жүріп, құны 60 мың теңге тұратын «BMW» велосипедін тротуарда қалдырып кеткен. Ұқсас жағдайда құны 76 мың теңге тұратын «Bhawk» велосипеді қолды болды, Копай көшесінде тұратын кәмелетке толмаған қыз бала велосипедін үйінің қасындағы спорттық алаңның маңайына қалдырып кеткен. Полицейлер күдіктіні тағы бір велосипед ұрлығын тергей келе анықтады. Бұл жолы белгісіз қылмыскер Жамбыл көшесіндегі көп қабатты үйдің подъзіне кіріп, бірінші қабатта тұрған «Bhawk» велосипедінің тросын тістеуікпен кескен. Оның әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Бейне жазбалар жедел уәкілдерге күдіктіні анықтауға көмектесті. Көп кідірмей күдікті бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған Петропавл қ. 24 жасар тұрғыны ұсталды. Ол бас бостандығын айыру орындарынан биылғы жылдың сәуір айында босап шыққан.
Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша енгізілді. Екі велосипед алынды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр, ұрланған мүлік іздестірілуде.
– Велосипед ұрлығы – белгілі бір жыл мезгілінде жасалатын қылмыстарға жатады, – деді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. – Бұл қылмыспен күрес тұрақты жүргізіледі. Қазіргі уақытта полицейлер велосипедтер бойынша деректер базасын құруда – кез-келген адам өзінің екі дөңгелекті көлігін тіркей алады, велосипед ұрланған жағдайда оны базадағы сериялық нөмір мен ерекше белгілері арқылы танып алуға болады. Бүгінгі таңда базаға 1136 велосипед туралы мәлімет енгізілді.
Жыл басынан Петропавлда 78 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 40 ашылды.