Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 мыңға жуық азаматқа полицияның модульдік қызметтерінде көмек көрсетілді

Алматыда бес мыңға жуық азаматқа полицияның модульдік қызметтерінде көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы қылмыстық жағдай бүгінде тұрақты. Қылмыстар саны екі есе азайды. Бұл факторға карантин ғана емес, сонымен қатар қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары да ықпал етті.

– Олардың ішінде полицияның модульдік посттарын орнату. Бүгінгі таңда полицияның 41 стационарлық посты бар, олардың төртеуі туристік полицияға арналған, қалған 37-сі қылмыс көп болатын және құқық бұзушылықтар орын алатын жерлерде орналасқан. Осы посттарда тәулік бойы екі ауысымдық режимде сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бір учаскелік полиция инспекторы, кешкі 20.00-ден бастап таңғы 08.00-ге дейін полиция полкінің екі қызметкері түседі. Бір тәулікте барлығы 111 полиция қызметкері модульдік посттарда қызмет етеді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикер биылғы жылдың жеті айында 4 мың 682 азамат стационарлық полиция посттарына жүгінгенін, оның үшеуіне сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, 874 әкімшілік іс қозғалып, 2 мың 617 өтініш бойынша жауап шаралары қабылданды, тағы 2 мың 065 азаматқа құқықтық көмек және кеңестер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру